×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Риддерде үйлер мен аулалар су астында қалды

08.12.2023, 10:22
ШҚО ТЖД

Түнде қарлы боранның салдарынан Хариузовка өзенінің арнасындағы су деңгейі көтерілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz ШҚО ТЖД-ға сілтеме жасап.

Жеке секторда орналасқан Киров, Өскемен және Хариузов көшелеріндегі төрт аула аумағын су басқан.

"Риддер қаласы ТЖБ қызметкерлері мен жергілікті атқарушы органдар тұрғындарды мән-жайдан хабардар етті. Ықтимал эвакуация жағдайында құрылым күштері мен құралдар дайын. Халықты уақытша орналастыру үшін "Риддер колледжі" КММ ғимаратында уақытша орналастыру пункті дайындалды, – делінген хабарламада.

Десе де, халық эвакуациядан бас тартты деп айтылады.

"Аула аумақтары мен үйлерден су айдау үшін мотопомпалар тартылды. Мұздан тазарту және өзен арнасына қарай еңіс жасау үшін арнайы техника жұмылдырылды. Келтірілген залалды бағалау үшін мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдар арасынан комиссия құрылды", - деп хабарлады ТЖД.

"ЛК ГЭС" ЖШС қызметкерлері судың ағу мөлшерін азайтқан. Сағат 7:30-дағы жағдай бойынша аула аумақтарынан су кеткен. Тек жертөлелерде ғана сақталған. Риддердегі сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау толық көлемде жүзеге асырылуда.

Белгілі болғандай, апатты жоюға жеке құрамның 20 адамы мен жеті техника, ЖАО, ШҚО ТЖД және полиция департаментінің екі мотопомпасы жұмылдырылды.

Серіктес жаңалықтары