×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Петропавлда тепловоз бен пойыз соқтығысты

09.12.2023, 09:34
SKOPetro

Оқыс оқиға 6 желтоқсанда сағат 13:50-де Петропавл станциясында орын алған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Қорған-Петропавл темір жолының учаскесінде №2506 жүк пойызы мен (80 вагон, салмағы 1900 тонна, ұзындығы 83 шартты вагон) қар жинайтын машинаны тасымалдаған тепловоз соқтығысқан", - деп хабарлады Оңтүстік Орал темір жолының баспасөз қызметі.

Соқтығысу нәтижесінде пойыз вагондары жолдан шығып кеткен. Зардап шеккендер жоқ. Бірақ байланыс желісінің тірегі зақымдалған.

Петропавл станциясындағы пойыздардың қозғалысы үзілген жоқ. Оқиғаның салдарын жою үшін Петропавл станциясының қалпына келтіру пойызы жұмылдырылған.

Серіктес жаңалықтары