Прокурорлардың араласуының нәтижесінде кәсіпорын қызметкерлерінің жалақысы бойынша 90 миллион теңгеден астам қарыз төленді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Еңбек кодексінің ережелерін бұзған "Семей машина жасау зауыты" акционерлік қоғамының басшылығы өз қызметкерлеріне тоғыз ай бойы жалақы төлемеген.
Прокуратура, әкімдік және облыстың уәкілетті органдары тарапынан бірлескен шаралар қабылданғаннан кейін жалақы бойынша барлық борыш өтелді. Бұл – 125 қызметкердің құқықтарын қорғауға мүмкіндік берді.