×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Әлемдегі ең бай отбасы кімдер

10.12.2023, 16:00
Ашық дереккөзден

Әлемдегі ең бай отбасылардың рейтингі бойынша Bloomberg өз зерттеуін жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Bloomberg нұсқасы бойынша әлемдегі ең бай отбасылардың көшін 305 миллиард доллар байлығымен Абу-Дабидің шейхтері мен әмірлерінің билеуші ​​әулеті (БАӘ жеті әмірлігінің бірі) Әл Нахайян бастап тұр. 

Аль Нахайян отбасының өкілдері бүгінде БАӘ-де жоғары лауазымдарды атқарып отыр. Атап айтқанда, шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян ел президенті, ал Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесші шейх Тахнун бен Шахбут Әл Нахаян 1,5 триллион долларға жуық жеке және егеменді активтерді қадағалайды.

Bloomberg рейтингісінде екінші орынды әлемдегі ең ірі Walmart көтерме және бөлшек сауда желісін иеленетін Уолтон отбасы (төрт жыл қатарынан рейтинг басында) алды. Агенттік отбасы байлығын 259,7 миллиард долларға бағалады. Walmart негізін 1962 жылы кәсіпкер Сэм Уолтон қалаған. Қазір дүние жүзінде дүкендер саны 10,5 мыңнан асады, компанияның табысы 611,3 миллиард доллар. 

Ең бай 10 отбасы қатарындағылар:

Ерме отбасы, француздық Hermes сән үйінің иелері – $150,9 млрд;

Марс отбасы, кондитерлік өнімдерді өндіруші және Mars тұрақты өнімдерінің иелері - $141,9 млрд;

Катардағы шейхтер мен әмірлердің билеуші ​​әулеті Әл-Тани – $133 млрд (рейтингте алғаш рет);

Кох отбасы, американдық Koch Industrues мұнай-химия корпорациясының иелері – $127,3 млрд;

Сауд Арабиясының корольдік отбасы Аль Сауд – 112 миллиард доллар;

Амбани отбасы, үнділік Reliance Industries мұнай өндіру және өңдеу холдингінің иелері – $89,9 млрд;

Вертхаймерлер отбасы, француздық Chanel сән үйінің иелері – $89,6 млрд;

Томпсондар отбасы, Reuters ақпараттық агенттігі бақылау пакетінің иелері – $71,1 млрд.

 

Серіктес жаңалықтары