×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Білім саласындағы жемқорлық: шенеуніктер 200 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді

11.12.2023, 11:24
Білім саласындағы жемқорлық: шенеуніктер 200 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
Freepik

Бюджет қаражатын заңсыз аудару фактілері анықталды деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қызылорда облысының прокуратурасы Жаңақорған ауданының білім бөлімінің лауазымды тұлғаларына қатысты тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Білім беру жүйесінде жұмыс істемейтін тұлғалардың шоттарына бюджет қаражатын заңсыз аудару фактілері анықталып отыр.

Сондай-ақ жалған аурухана парақтары мен іссапар шығындары бойынша бюджет қаражатын беру әрекеттері әшкереленген.

Шығынның жалпы сомасы 200 млн теңгені құрады. Тергеу жүргізілуде.

"Айта кету керек, бұған дейін прокурорлар ұрлықтың ұқсас фактілерін анықтаған болатын. Онда сол аудандағы мектептердің бухгалтерлері ақшаны "өлі жандар" деп аталатын шоттарға заңсыз аударған. Олар бойынша қылмыстық істер сотқа жіберілді. Кейбіреулері бойынша айыптау үкімдері кесілді", - деп хабарлады прокуратура.

Бұған дейін Ұлытау облысының прокурорлары аурухана бухгалтерлерінің бюджет қаражатын жымқырып, өз мақсаттарына пайдалану фактісін анықтағанын жазған едік.