Ішкі істер министрі Ержан Сәденов екі полиция қызметкерінің Алматыда 14 жастағы жасөспірім қызды зорлау фактісін растады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Мәжіліс кулуарында Ержан Сәденовтен полицейлердің оқушыны зорлауға қатысы бар-жоқтығы сұралды.
"Өкінішке қарай, мұндай факт орын алды. Олардың қылмыс жасағаны анықталды. Бірден тәртіптік комиссия өткізілді. Олар теріс себептермен жұмыстан шығарылды. Қылмыстық іс аясында қамауға алынды", - деді ол.
Министр қазір тексеру жүргізіліп жатқанын атап өтті.