×
443.44
480.51
4.88
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.44
480.51
4.88

Алматыда Bek Air ұшағының апатына байланысты қылмыстық іс аяқталуға жақын

11.12.2023, 16:00
Видеокадр скриншоты

Іс бойынша бірқатар техникалық сараптама жүргізілген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Bek air апаты бойынша істің ескіру мерзімі 2027 жылы аяқталатынын атап өтті. Бұл ретте тергеу аяқталуға жақын қалған.

– Менің ойымша, жақын арада біз істі аяқтаймыз. Бұл бағыты бірқатар техникалық сараптама болды. Мәселе содан туындады, - деді министр.

Ол ешкім жауапкершіліктен босатылмайтынын және іс 2027 жылға дейін аяқталатынын атап өтті.

– Біз міндетті түрде "отырғызамыз", - деді министр қайғылы оқиғаға кінәлі адамдар жайлы.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылғы 27 желтоқсанда Bek Air компаниясының Fokker 100 авиалайнері Алматы - Нұр-Сұлтан бағыты бойынша жоспарлы ішкі рейсті орындау кезінде апатқа ұшыраған. Ұшақ әуеге көтеріле бергенде биіктігін жоғалтып, күрт оңға бұрылып, Гүлдала ауылындағы тұрғын үйге құлаған. Оның бортында болған 98 адамның (93 жолаушы және 5 экипаж мүшесі) 15-і қаза тапты.

Серіктес жаңалықтары