×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Тоқаев Qarmet жайлы: Кәсіпорынның жаңа иесіне қатаң талап қойылады

12.12.2023, 10:14
Коллаж: ulysmedia.kz.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бұрынғы АрселорМиттал Теміртау компаниясының қазақстандық кәсіпкерге берілуіне байланысты пікірін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

– Жақында менің тапсырмаммен Қарағанды металлургиялық комбинатын қазақстандық компанияның меншігіне беру мәселесі сәтті шешілді. Жұмыстың бастапқы кезеңінде компанияға көмектесу – Үкіметтің ендігі міндеті. Содан кейін кәсіпорынның жаңа иесіне қатаң талап қойылады, – деді Тоқаев Астанада өтіп жатқан «Алтын Сапа» және «Парыз» сыйлықтарының иегерлерін марапаттау рәсімінде.

Естеріңізге салсақ, 28 қазанға қараған түні «АрселорМиттал Теміртау» кенішінде жарылыс болды. Жарылыс кезінде шахтада 252 адам болған, 206 кенші жер бетіне шықты, 46 кенші қаза болды.

Шахтада көз жұмған жұмысшылардың толық тізімі жарияланды.

Бұған дейін өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапев АМТ-ның жаңа инвесторын атаған еді. Ол - Аллюр компаниялар тобының басшысы, кәсіпкер Андрей Лаврентьев. 

Лакшми Митталдың Қазақстанда өз активтерін қанша сомаға сатқаны белгілі болды. Мәміле Лондонда өткен. Бастапқыда Миттал 3,5 миллиард доллар сұраған, бірақ соңында бұл сома азайған. Ақыры, Лакшми Миттал Қазақстандағы активтерін 286 млн долларға сатқан.

9 желтоқсанда Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада өрттің себептерін тергеу жөніндегі Үкіметтік комиссияның қорытынды отырысы өтті. Сол тұста жеті адам қамауға алынғаны белгілі болды.

Серіктес жаңалықтары