×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

Қызылша "ашуына мінді" - Денсаулық сақтау министрлігі шұғыл шараларды қабылдауға ниет танытпай отыр

12.12.2023, 12:20
Коллаж Ulysmedia

Еліміздің денсаулық сақтау министрлігі елімізде қызылша ауруы бақылауда тұрғанын, шұғыл шаралар қажет емес екенін алға тартып отыр. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры Азамат Дүйсенов балаларды оңалту жөніндегі конференция барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Азамат Дүйсеновтың айтуынша, қазір бүкіл республика бойынша стационарларда 100 мыңнан астам төсек-орын қарастырылған. Бірақ ол стационарда қызылшаға шалдыққан қанша бала жатқанын айта алмады. 

"Бүгінде барлық жұмыс емдеу, диагностика бойынша жүргізілуде. Вакцинацияның алдын алу бойынша үлкен жұмыс атқарылуда. Қызылшаға қатысты жағдай нашарлайды деп айта алмаймын. Себебі, төсек қоры жеткілікті, дәрі-дәрмектер толық көлемде және пациенттер толық көлемде ем алады. Қызылшаға қатысты жағдай бақылауда. Денсаулық сақтау министрлігі барлық эпидшараларды жүргізуде. Алаңдауға негіз жоқ", - деді денсаулық сақтау министрлігі департаментінің директоры.

Дүйсенов “қызылшаны жұқтырған балалардың өлімі туралы мәліметтер бар ма?” деген сұраққа жауап бере алмады.

Сондай-ақ, журналистер француз сарапшыларының қатысуымен өткен халықаралық конференцияға денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Ажар Ғинияттың қандай себеппен қатыспағанын сұрады. Ол әу баста іс-шараға қатысушылар тізімінде болған еді.

"Сіз бұл сұрақты біздің басшылыққа жібере аласыз. Бізде көптеген іс-шаралар мен кездесулер бар. Мен департамент басшысы ретінде осы іс-шарада министрліктің атынан өкілдік етуге өкілеттімін", - деді ол.

11 желтоқсанда АҚШ-тың ауруларды бақылау және алдын алу орталығы (CDC) жаһандық қызылша эпидеті туралы деректерді ұсынды. Қазақстан жұқтырғандар саны бойынша көшбасшылардың бірі ретінде ерекшеленіп, үшінші орынға шықты. Халықаралық рейтинг деректері бойынша Йеменде қызылшаның 23 мыңнан астам жағдайы, Үндістанда – 15 мыңға жуық, ал Қазақстанда қызылшаны жұқтырудың 12 985 жағдайы тіркелген.

Ал бұған дейін аурудың ең жоғары деңгейі Шымкент, Алматы қалаларында, Алматы және Жамбыл облыстарында тіркелгенін хабарлаған едік.

 

Серіктес жаңалықтары