×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қарағандыда әкімдік коммерциялық жерлерді заң бұзушылықтармен үлестірген

12.12.2023, 15:19
Қарағандыда әкімдік коммерциялық жерлерді заң бұзушылықтармен үлестірген
Pixabay

Жер беру кезінде бағалау рәсімдері бұзылған деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Прокуратурада коммерциялық мақсатта жер беру кезінде әкімдік тарапынан заңбұзушылықтар анықталды.

"Қарағанды әкімдігі мемлекеттік мүлік туралы бапты бұза отырып, бұрын алынған жер учаскелерінің орнына бағалау рәсімін жүргізбестен тұрғын емес үй-жайлары бар көппәтерлі тұрғын үйді салу және одан әрі пайдалану үшін коммерциялық мақсаттағы 14 жер учаскесін берді.

Прокуратураның араласуымен қала әкімдігі жоғарыда аталған қаулының күшін жою туралы талаптарды толық көлемде қанағаттандырды. Құны 158 млн теңге болатын 4 га коммерциялық мақсаттағы 14 жер учаскесі мемлекеттік меншікке қайтарылды", - деп хабарлады прокуратура.

Сондай-ақ, Қазыбек би атындағы ауданда ұзақ уақыт бойы пайдаланылмаған коммерциялық жерлер анықталды.

"Ірі кәсіпкерлердің бірі 2018 жылдан бері берілген жалпы ауданы 32 га 6 коммерциялық жерді игеру бойынша шаралар қолданбаған. Қадағалау актісі бойынша кадастрлық құны 1,1 млрд. теңге болатын жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды", - деп хабарлады прокуратура.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Павлодар облысында прокурорлар елді мекендер шегінде жайылымдар мен егістіктерге жер учаскелерін бөлу кезінде бұзушылықтар тапқаны туралы хабарланған болатын. Жерді жалға алушы мемлекетке 50 млн теңгенің орнына 60 мың теңге төлеген.