×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Апаттан қашып құтыла алмаймыз - Үкімет Қазақстандағы жылу желілерінің тозуы жайлы айтты

12.12.2023, 16:52
Апаттан қашып құтыла алмаймыз - Үкімет Қазақстандағы жылу желілерінің тозуы жайлы айтты
Коллаж Ulysmedia

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың айтуынша, бір-екі жыл ішінде барлық мәселелерді шешу мүмкін емес, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтен жылу желілеріндегі апаттарды тоқтату үшін тағы қанша қаражат қажет екені сұралды.

"24 энергетика нысанында тарифтер көтерілді. 1 қаңтардан бастап біз тағы 35 нысанда тарифтерді көтеруді жоспарлап отырмыз. Бұл біліктілік деңгейін арттыру, еңбекақы төлеу мәселелерін қамтып, жүйелі негізде жүргізілетін болады. Менің ойымша, 3-5 жыл ішінде жұмыстар бюджет қаражаты есебінен ғана атқарылмай, меншік иелері де өз қаражаттарын салатын болады", - деді министр.

Апаттар әлі тіркеледі...

Роман Скляр биыл жөндеу науқанына 146,5 млрд теңге инвестицияланғанын айтты.

"Тағы соншама қаражат қажет... Ағымдағы жылы меншік иесі ретінде де, үкімет резервінен де қажетті қаражат толық көлемде бөлінді. Күрделі және ағымдағы жөндеуге 146,5 млрд теңге инвестицияланды. Ал өткен жылы 36 млрд теңге бөлінген еді. 146 млрд теңгенің жартысына жуығы Астанада ЖЭО-3 салуға жұмсалған сома. Ұзаққа созылған жоба бойынша биыл қарқынды жұмыс жүргізіліп, сәтті іске қосылды.

Ағымдағы жылы қайта жаңартуға 175 млрд теңге жұмсалып, 499,7 км жылу желілері жөнделді. Өткен жылы бұл сандар айтарлықтай төмен болған еді.

Барлық қажетті қаражат бөлінді. Апаттар немесе технологиялық бұзушылықтар желілерде бәрібір де болады. Себебі, бұл мәселелер ондаған жылдар бойы жинақталған.

Айталық, Ақтау әкімдігі көрсеткен құбыр 50 жыл қолданыста. Әрине, ол бұзылды. Бір-екі жыл ішінде барлық мәселелерді шешу мүмкін емес", - деді Скляр.

Бұған дейін Ulysmedia.kz тілшісі соңғы күндердегі апатты оқиғалардың мән-жайына қанығып, уәде етілген жұмыстарды еске түсіріп көрген болатын.