×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Алматыдағы саунадағы балалар лагері: шенеуніктердің бірінің ісі сотқа жіберілді

13.12.2023, 09:11
Pixabay

Алматы прокуратурасы қалалық білім басқармасының лауазымды тұлғаларына қатысты тергеудің аяқталғанын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бөлім басшысының жетім балалар мен оқушыларға арналған лагерь ұйымдастыруда заңсыздыққа жол бергені анықталғанболатын. Атап айтсақ, конкурстың жеңімпазына жақтасу ниетімен 12 млн теңге көлемінде пара алуға әрекет жасау фактісі бойынша қылмыстық іс сотқа жіберілді.

Сондай-ақ прокуратураның нұсқауы бойынша Алматы әкімдігіне лауазымды тұлғаларды жауапқа тарту үшін қылмыстық құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізілді.

Саунадағы балалар лагері

Шілде айының ортасында Алматы маңында ересек ер адамдармен саунада балалар лагері ұйымдастырылғаны белгілі болды.

Қоғамдық резонанстан кейін бас прокуратура Қазақстандағы барлық балалар лагерлерін тексеруге уәде берді.

Серіктес жаңалықтары