×
443.44
480.51
4.88
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.44
480.51
4.88

Қазарнаулыэкспорттан 1 млрд теңге қалай жымқырылды - вице-министр “қосымша фирмалар” жайлы айтты

14.12.2023, 11:17
Коллаж: ulysmedia.kz.

Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Азамат Бейісбеков Қазарнаулыэкспорт басшылығына қатысты қозғалған іс жөнінде сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Еске сала кетейік, бұған дейін "Қазарнаулыэкспорт" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры Арман Рамазанов ұсталғаны хабарланған болатын. Қаржылық мониторинг агенттігі, оның мемлекеттік қорғаныс тапсырыстарын орындау аясында бағаны көтеру арқылы әскери және әскери-техникалық мақсаттағы тауарларды (өнімдерді) сатып алу кезінде 1 млрд теңгеге жуық бюджет қаражатын ұрлады деген күдікке ілінгенін хабарлаған болатын.

Бүгін Ulysmedia.kz тілшісі өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Азамат Бейісбековтен осы істің мән-жайын сұрады.

– «Қазарнаулыэкспортқа» қатысты менде нақты ақпарат жоқ. Себебі тергеу мүддесіне байланысты ақпарат қорғалатынын білесіздер. Алайда сондай кемшіліктерге әкеп соққан шарттарды жоюға біз жыл басынан әрекет жасадық. 9 желтоқсан күні мемлекеттік қорғаныс тапсырысын қалыптастыру туралы үкімет қаулысына енгізілген өзгерістер күшіне енді. БАҚ-та тараған ақпарат бойынша, осы істің қозғалуына себеп болған жайт – «Қазарнаулыэкспорт» пен жеткізуші арасында пайда болған жеке кәсіпорындар. Осы кәсіпорындарды болдырмау үшін үкімет қаулысының аясында «Қазарнаулыэкспортқа» қазақстандық резиденттен сатып алуға тыйым салдық», - деді ол.

Вице-министрдің сөзінше аталмыш кәсіпорын енді тек импортқа жұмыс істейді.

– Негізі заң бойынша оның құзыреті тек импортқа жатады. Көп жағдайда импортталатын өнімнің қымбаттауына мақсаттары теріс  бизнес өкілдерінің осы жақтан қосымша бір фирмалар ашып, солар арқылы жеткізуі себеп болады. Осындай жағдайларды болдырмау үшін «Қазарнаулыэкспорттың» қазақстандық компаниялардан сатып алуына шектеу қойылды, - деді Азамат Бейісбеков.

Серіктес жаңалықтары