×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

Сервис пен бәсекелестік жоқ: депутат ҚТЖ қызметін тексеруді талап етті

14.12.2023, 11:50
ҚТЖ

Сенат депутаты Зәкіржан Күзиев Үкіметке "Қазақстан темір жолы" АҚ қызметін тексеруді талап етіп жүгінді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Зәкіржан Күзиевтің айтуынша, Қазақстанның географиялық жағдайы ел экономикасындағы теміржол саласының рөлін жоғарылатады. Алайда, ҚТЖ мен Үкіметтің барлық ұмтылыстары теміржол холдингін тиімді ете алмады.

Күзиев соңғы жылдары аталған салада бірқатар күрделі проблемалар жинақталғанын айтты.

"Бүкіл ел бойынша теміржол желісі жеткіліксіз дамыған. Негізгі құралдардың тозуы, жолаушылар жылжымалы құрамының тапшылығы, сервистің төмен деңгейі өсуде. ҚТЖ паркі бүгінде 2 228 бірлікті құрайды. Оның ішінде 776 вагон немесе 35%-ы 28 жылдан асқан. Жолаушылар вагондарының орташа тозуы – 53%, жүк вагондарының тозуы – 57%, ал локомотивтердің тозуы 67 пайыздан дан асады", - деді сенатор.

Ол қазіргі проблемалар Қазақстан арқылы транзиттің тартымдылығын күрт нашарлатып, көрші елдерді баламалы бағыттарды іздеуге мәжбүр ететінін атап өтті.

Сондай-ақ, Күзиев осы жылдың қазан айының басында ұлттық экспедиторлар қауымдастығы депутаттарға жүгінгенін атап өтті. Олар өз өтініштерінде жүк тасымалы бойынша экспорттық транзитке ҚТЖ бас тартып отырғанын айтқан.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің хабарлауынша, магистральдық жол операторлары өз компанияларына бірқатар артықшылықтар береді. Бұл басқаларға тең емес жағдай жасайды. ҚТЖ қызметінің түрлерін талдау нәтижесінде монополияға қарсы органмен қызметтің 424 түрінің 81-і немесе 19%-ы келісілгені анықталды.

"Осылайша, ҚТЖ ондаған жылдар бойы қалыптасқан экспорттық тасымалдау жүйесін бұзады, нақты емес жағдайлар жасайды. Сондай-ақ тиімсіз басқару мәселелері бар. Биыл 400 вагон жолдарда бос тұрды. Маршруттарды бақылау және жоспарлау жоқ. ҚТЖ табысының негізгі көзі-жүк тасымалы. Нәтижесінде ҚТЖ ел ішінде де, одан тыс жерлерде де бәсекеге қабілетсіз", - деді ол.

Депутат Үкімет басшысы атына транзит экспортындағы бәсекелестік емес жағдайларды жою, ҚТЖ жұмысының барлық төрт бағытының нақты теңгерімін белгілеу мәселесін қарастыру, сондай-ақ құзыретті органдарға бәсекелестікті қорғау саласында және ҚТЖ-ны толыққанды көліктік-логистикалық компанияға айналдыру шаралары бойынша ҚТЖ-ны тексеруді ұйымдастыруды тапсыруды талап етіп жүгінді.

Серіктес жаңалықтары