×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Қазақстанда Калашников автоматының өндірісі тоқтап қалды

14.12.2023, 12:02
Коллаж: ulysmedia.kz.

Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Азамат Бейісбеков өндірістің тоқтауына нарық пен қажеттіліктің шектеулі болуы себеп екенін айтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Бір жылдары Қазақстанда АК-74 автоматтары өндіріледі деген ақпарат шыққан. Сол қарудың өндірісі біздің елде жолға қойылды ма?» - деп сұрады Ulysmedia.kz тілшісі вице-министрден сенат кулуарында.

Азамат Бейісбеков Ақмола облысында «Тыныс» деген кәсіпорын автомат өндірісімен айналысқанын айтты.

«Сол жерде ұйымдастырылды. Алайда қазір белсенді шығарылып жатқан өнім жоқ. Өйткені нарық пен қажеттілік шектеулі» - деді ол.

Вице-министрдің сөзінше, локализация жоспар бойынша жылдан жылға артуы керек болған. 

«Бірақ мен айтып жатқандай, қажеттілік шектеулі. Қазіргі уақытта өздеріңіз білетіндей, біздің елде қару-жарақ экспортына шектеу қойылған. Сондықтан, өндіріс қазір уақытша тоқтатылды», - деді Бейісбеков.

Серіктес жаңалықтары