Қарағанды облысының Жарлы ауылында ірі қара құтырма ауруына шалдыққан. Бұл туралы ветеринарлық қадағалау комитетінің облыстық инспекциясы мамандары айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Әзірге екі сиырдың көзі жойылған. Мал иесіне нарықтағы бағамен өтемақы төленеді.
Қатерлі індет жабайы аңнан жұққан болуы мүмкін, дейді ветеринарлар. Ауылда шектеу шаралары енгізілді.
Эпизотияға қарсы қызмет зарарсыздандыру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ет пен сүт өнімдерін сатуға тыйым салынды. Елді мекенге кіріп шыққан көліктің бәрі тексерілуде.