×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Қазақстанда мобильді аударымдар қалай қадағаланады

14.12.2023, 14:29
Коллаж: ulysmedia.kz.

Әзірге тек мемлекеттік қызметшілердің аударымдары бойынша ақпарат жиналып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мемлекеттік кірістер комитеті осы жылы банктер кәсіпкерлік қызметке байланысты шоттар жөнінде мәліметтерді бере бастағанын еске салды.

– Кәсіпкерлік қызметті іске асыру белгілерін айқындау критерийі жеке тұлғаның қатарынан үш ай бойы әр түрлі тұлғадан жеке банк шотына ай сайын 100-ден астам аударым алуы есепке алынады, - деп хабарлайды комитет.

Банктерден ақпарат кезең кезеңімен беріледі:

- 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап-мемлекеттік қызметшілер, оларға теңестірілген адамдар және олардың жұбайлары бойынша (2022 жылдың қорытындысы бойынша);

– 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап-мемлекеттік мекемелердің, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлері және олардың жұбайлары бойынша (2023 жылдың қорытындысы бойынша);

– 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап-жеке кәсіпкерлер, заңды тұлғалардың басшылары және олардың жұбайлары бойынша (2024 жылдың қорытындысы бойынша);

– 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап халықтың қалған бөлігі бойынша (2025 жылдың қорытындысы бойынша).

– Бүгінгі таңда ақпарат тек мемлекеттік қызметшілер, оларға теңестірілген адамдар және олардың жұбайлары бойынша алынды. Бақылау шаралары адал салық төлеушілерге әсер етпейтініне және жасырын кірістер мен тіркелмеген кәсіпкерлерді анықтауға бағытталғанына назар аударамыз, - деп хабарлады МКК.

Бұл ретте жеке тұлғалар өздерінің жеке мақсаттары үшін (туыстарына, достарына аударымдар, ата-аналар мен балаларға көмек, сондай-ақ басқа да өмірлік жағдайлар бойынша) мобильді аударымдарды жасап,  қабылдай алады.

Серіктес жаңалықтары