×
441.58
480
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.58
480
4.86

Бітпейтін допинг дауы: Биыл 30 зілтемірші "қара тізімге" енді

14.12.2023, 16:47
drugsmart.com

Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев спортта допинг қолдану көрсеткіші жылдан-жылға ұлғайып жатқанын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Соңғы 3 жылда 133 кәсіби спортшының қанынан тыйым салынған препарат табылған.

Ведомство басшысының айтуынша, бұған қазақ спортында фармакология саласының дамымай жатқаны себеп болып отыр. Сондықтан бұл мәселені заң аясында реттеп, жүйелі жұмыстар атқару қажет.

«Еліміз бойынша екі жоғары оқу орнында ғана жылына 45-ақ студентті спорт саласындағы медицина маманы ретінде дайындап шығарады. Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында денсаулық сақтау министрлігімен бірлесе отырып, спорт саласына бейімделген психолог, фармаколог, нутрициолог сияқты салалық мамандарды дайындайтын факультет ашу ниетіміз бар»,  – деді Ермек Маржықпаев.

Серіктес жаңалықтары