×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

2023 жылдың ең танымал актері анықталды

14.12.2023, 18:24
Ашық дереккөзден

Үздіктер тізімін The Last of Us телехикаясының кейіпкері Педро Паскаль бастады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Педро Паскальдің жылдың басты жұлдызы болуы бекер емес. Себебі чилилік актер 2023 жылғы ең танымал екі телехикаяда ойнады – «Жұлдыздар соғысы» және «The Last of Us».

Екінші орынға актриса Мэри Элизабет Уинстэд жайғасты, ол «Disney+ «Асока» сериалында ойнады. Үшінші орында Мэрилин Монроны сомдаған актриса Ана де Армас тұр.

Төрттікке Дженна Ортега кірсе, алғашқы бестікті Белла Рамзи түйіндеді.

Ондыққа Марго Робби, Ребекка Фергюсон, Кэти Сакхофф, Карла Гуджино және Киллиан Мерфи енгенін атап өткен жөн.

Серіктес жаңалықтары