Борттың ауысуына байланысты Алматыдан Дубайға бағытталған «Эйр Астананың» рейсіне бірнеше жолаушы сыймай қалған. Оларға келесі күнгі бизнес-классқа ауыстыру әрі 200-400 доллар көлеміндегі өтемақы төлеу сияқты ұсыныстар жасалған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Алайда діттеген жерге шұғыл жетуді қажет деп санаған жолаушылар ұсыныстан бас тартқан.
Әуе компания 1 сағат бойы “6 адам артық” деп күннің суығына қарамастан халықты күткізген. Кейін компания қызметкерлері түрлі сылтаумен жолаушыларды ұшақтан шығара бастаған көрінеді.
Жолаушылардың бірі түсірген видеодан ондағы борт қызметкерінің “темекі тұқылының түтіні шықты” деп жолаушыны ұшақтан қуып жатқанын көруге болады. Темекі тұтатпағанын растайтын куәгерлердің болғанына қарамастан жолаушы ұшақтан шығуға мәжбүр болған.
Борт қызметкері мемлекеттік тілде міндетін дұрыс атқармай, қандастарға «қытай» деп тіл тигізген де көрінеді.