×
439.43
473.31
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.43
473.31
4.82

Елеусінов IBA турнирінің басты жекпе-жегінде жеңіске жетті

16.12.2023, 08:02
Ашық дереккөзден

Астанада өткен "IBA Чемпиондар түні" турнирінде Данияр Елеусінов Оңтүстік Африка Республикасынан келген боксшымен кездесті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Екі жылға жуық үзілістен кейін Данияр төрешілердің бірауыздан шешімімен сенімді жеңіске жетті.

Жекпе-жек алты раундқа созылды. Данияр әлі де өз бабында екенін дәлелдеді.

Халықаралық бокс қауымдастығы ұйымдастырған "IBA Чемпиондар түні" халықаралық турнирінің алғашқы жекпе-жегінде 2023 жылғы әлем чемпионы Санжар Ташкенбаев Өзбекстаннан келген екі дүркін Азия чемпионы Нодиржон Мирзаахмедовты ұтты.

Ал, әлем чемпионы Асланбек Шымбергенов мексикалық спортшы Хосе Мигель Боррегодан 4-ші раундтында оңбай ұтылды. Оны мексикалық боксшы бір сұлатып салып, уақытынан бұрын жеңді. 

Төртінші раундта нокдаун тіркелген сәтте бас бапкер Мырзағали Айтжанов рингке орамал лақтырды.  

 

Серіктес жаңалықтары