×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Мұнайшылар ереуілі: 19 адам жұмыстан шығарылды

16.12.2023, 08:50
Мұнайшылар ереуілі: 19 адам жұмыстан шығарылды
бейнежазбадағы кадр

Мұнай өнеркәсібі саласында нәпақа тауып жүрген West Oil Software компаниясы "заңсыз ереуілге" қатысқаны үшін 19 қызметкерді жұмыстан шығарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Компания директорының 15 желтоқсандағы бұйрығында:

"Қарақия аудандық соты ереуілді заңсыз деп жариялап, қызметкерлер бұл туралы хабардар етілді. Бірақ соған қарамастан қызметкерлер ереуілге қатысуды жалғастырды. Жетібай технологиялық көлік басқармасының келесі қызметкерлерімен еңбек қатынастарын тоқтатуға бұйрық беремін".

Жұмыстан шығарылғандардың жалпы саны 19 адамды құрады.

Естеріңізге сала кетсек, мекеме жұмысшылары 2023 жылғы 11 желтоқсаннан бастап жұмысты толығымен тоқтатып, ереуілге шыққан.

Олар аталған мекеменің өндірістегі материалдық техникалық базасын жаңарту, мекеме жұмысшыларын «КазМұнайГаз» ҰҚ АҚ қосу, еңбек ақы төлеудің бірыңғай жүйесінің тарифімен теңестіру талаптарын қойған. 

Бұдан кейін энергетика министрі ереуілге қатысты пікірін білдірген болатын.