×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Шавкат Лас-Вегас төріндегі жекпе-жектен қанша табыс тапты

18.12.2023, 12:10
Шавкат Рахмоновтың әлеуметтік парақшасынан

MMA.Metaratings.ru порталы қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың Лас-Вегаста (АҚШ) өткен UFC 296 турнирінде америкалық Стивен Томпсонды жеңгені үшін қанша қаражат алатынын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Шавкат Рахмонов Стивен Томпсонды тұншықтырып, UFC аясындағы алтыншы жекпе-жегін мерзімінен бұрын жеңді. Ол енді белбеу үшін жұдырықтасқысы келетінін айтқан еді.

MMA Salaries мәліметі бойынша, Томпсонды жеңгені үшін Рахмонов мансабындағы ең жоғары гонорарды алды – 306 мың доллар (шыққаны үшін - 150, жеңгені үшін - 150, демеушілік бонустары үшін - 6 мың доллар).

Алайда, жеңіске жеткенімен, Шавкат табыс жағынан Томпсонды басып оза алмады. Стивен промоушенде ұзақ уақыттан бері өнер көрсетіп келеді, бір кездері белбеу үшін де жұдырықтасқан. Сондықтан оның банктік шотына әлі күнге дейін жоғары сома түсіп тұрады. UFC 296-дан кейін америкалық 416 мың долларға байыды (400-і шыққаны үшін және 16-сы демеушілердің ынталандырулары).

Серіктес жаңалықтары