×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Philip Morris-тің Қазақстандағы басшысы: Түтінсіз келешекті неге бірге жасамасқа?

19.12.2023, 13:40
сурет ашық дереккөзден

Жасыратыны жоқ, қазіргі кезде электронды темекі, басқаша айтқанда, түтіні аз, «күтімі» қымбат шылымдар осы қауым арасында барған сайын танымал болып келеді. Өндірушілер де қу екен,  «ғылыми зерттеулерге» кенедей жабысып, мұндай өнімнің зияны әлдеқайда төмен деген тұжырымды алға тартып отыр. 

 Ulysmedia.kz тілшісі Филип Морристің Қазақстан және Орталық Азиядағы басшысы Энрике Хименеспен сұқбаттасты. Айта кетейік, ол бізге келгенге дейін корпорацияның Түркия, Литва, Испания және Португалиядағы бөлімшелерін басқарған. Яғни, тісқаққан менеджер.

Биыл жазда Энрике Хименес Филип Морристің Қазақстан мен Орталық Азиядағы басшысы болып тағайындалды. 

Филипп Морристі таныстырудың қажеті жоқ, ол – әлемдегі ең ірі темекі өнімдерін өндірушілердің бірі. 

Сұхбатында Энрике Хименес 1993 жылы 25 қазанда бірінші болып шетелдік инвестор лицензиясын алған компания Филипп Моррис екенін айтып өтті. 30 жыл ішінде көп нәрсе жасалды. Мәселен, Алматы облысында Қазақстан үшін ғана емес, бұдан басқа 8 нарыққа халықаралық деңгейдегі брендтер шығаратын заманауи фабрика жұмыс істейді.Компания өндіріске 560 миллион доллардан астам инвестиция салып, бүкіл Қазақстан бойынша 800 жұмыс орнын ашты. Төленген салықтар туралы айтатын болсақ, бұл көрсеткіш қазірдің өзінде 2 миллиард доллардан асты.

Биыл Филипп Моррис ірі салық төлеушілер рейтингінде 9-орынға шықты.

«Бұл жетістіктер біздің ел экономикасындағы рөлімізді және компаниямыздың көшбасшылық потенциалын байқатады, - дейді Э.Хименес. Қазақстан Орталық Азия елдері арасында жетекші орынға ие болғаны сияқты, біз де компания ретінде өз саламызда жетекші позициядамыз (Мақтауды көрмейсіз бе, қазекеңдердің мақтағанды жақсы көретінін бұл да біледі. – Ред.)

Филипп Моррис әлемдік деңгейде «түтінсіз келешек» орнайды, біз соған ниеттіміз дейді. Сонда қалай болады?

– Біздің компания әлемді темекі түтінінен тазартуға болады деп есептейді. Әлемде миллиардтан астам темекі шегуші бар, егер ешқандай шара қолданылмаса, бұл санның төмендеуі өте баяу жүреді. Бірақ біздің өнімді тұтынушылар арасында темекі тартушылардың темекінің түтінсіз балама түріне жылдам ауысып жатқанын көруге болады. 

Біз адамдарға табак өнімдерінің ең зиянды түрі - темекіден тез бас тартуға және ағзаға зияны аз жаңа өнімдерге ауысуға көмектесеміз. Бірақ біз жалғыз жүріп, діттеген мақсатымызға жете алмаймыз. Түтінсіз келешекке деген міндеттемемізді бізбен бөлісетін адамдар неғұрлым көп болса, біз оған соғұрлым тезірек жетеміз. 

Темекісіз келешек жаңа өнімдерге ауысса ғана мүмкін бе?

- Біздің трансформациямыз өніміміздің сапасын жақсырақ түсіну үшін жүргізген ғылым мен зерттеулерге негізделген. Темекінің ең үлкен зияны оның жануы кезінде бөлінетін өнімдерден, яғни жану процесіндегі түтіннен болатынын анықтадық. Соңғы онжылдықта біз темекі шегушілер үшін зиянды азайтуға бағытталған түтінсіз өнімдерді дамытуға 10 миллиард доллардан астам инвестиция салдық. Шылым шегетін адам үшін ең жақсы шешім темекіні толығымен тастау екеніне сенімдіміз. Бірақ егер ол тастамаса, оның зиянын азайтудың ең жақсы тәсілі ретінде темекісіз өнімімізді ұсынамыз. Біздің мақсатымыз – 2025 жылға қарай темекі шегетін 40 миллион адамның зияндылығы аз өнімге ауысуы. Бізде қазірдің өзінде 28 миллион түтінсіз өнімдерді пайдаланушы бар, бұл – жақсы көрсеткіш, олардың 20 миллионы темекі шегуді толығымен тастап, табактың балама түрлеріне көшті. Темекісіз баламалардан басқа, біздің компания никотинсіз секторға инвестиция салып жатқанын атап өткен жөн: біз 2025 жылға қарай никотинсіз өнімдерден кем дегенде 1 миллиард доллар табыс табуды мақсат етіп отырмыз.

Филипп Моррис, егер әлі де ресми дәлелдер болмаса, темекісіз өнімдердің зияны азырақ деп қалай сеніммен айта алады?

   – Компания ретінде біз темекі түтінімен салыстырғанда, темекі түтінінен таза өнімдерде зиянды құрамдас бөліктер 95%-ға аз екенін көріп отырмыз. Және бұл біздің ғана тұжырымымыз емес. Мысалы, ең беделді және тәуелсіз ғылыми мекемелердің бірі – АҚШ-тың Азық-түлік пен дәрі-дәрмекті қадағалау басқармасы (FDA) түтінсіз темекі өнімдерін адам денсаулығына кері әсері аз өнім ретінде сатуды мақұлдады, сонымен қатар біздің өнімнің ең жақсы деңгейде екенін растады. Бұл - Америка Құрама Штаттарындағы қоғамдық денсаулық қауіпсіздігіне қойылатын талапқа сай деген сөз. 

Біз сондай-ақ Жапония, Нидерланды, Германия және басқа елдердің зерттеулеріне сүйенеміз. Осыған ұқсас қорытындылары бар 40-тан астам тәуелсіз зерттеу жүргізілген, деп атап өтті Энрике Хименес.

Сіздердің негізгі өнімдеріңіз, яғни түтінсіз темекілердің әдемі дизайны жастардың көзін қызықтырады, ол жастарды тарту үшін ойлап табылған деген пікір бар көпшілік арасында. Бұл туралы не айта аласыз?

- Түтінсіз темекілер тек ересектерге арналған. Зерттеулер бұл өнімді ересектер қолданатынын растайды. Сандж агенттігі жүргізген зерттеуге сәйкес, IQOS пайдаланушысының орташа жасы – 32. Басқа елдерде жүргізілген зерттеулердің деректеріне сүйенсек, қыздырылған темекі жүйелері жастарды аса қызықтыра қоймайтынын көрсетеді. Өнімнің дизайнына келетін болсақ, біз оны оңай қолдануға және тасымалдауға болатындай етіп жасадық. Темекі шегу құрылғыны пайдаланудан әлдеқайда оңай. Сондықтан темекі тартатындарды зияны аз өнімге қызықтыру мақсатында дизайнын әдемі етіп жасау маңызды деп ойлаймын. Өнімдеріміз сапасыз, ауыр және пайдалану қиын болса, түтінсіз келешекке жетеміз деген мақсатымыз орындалмай қалады. Және бұл ілгерілеу кез келген салада болады. Автокөлік компаниялары әр уақытта ұзақ қашықтықты еңсере алатын электр көліктерін жасауға тырысуда. Банктер тұтынушылардың транзакциялармен өзара әрекеттесуін жеңілдетуге тырысады. БАҚ цифрлық технологияларды пайдалана отырып, ақпаратқа қол жеткізуді жеңілдетуге әрекет етеді. Солай емес пе? Біз де солай істейміз және темекі шегушілерге темекіні тастауға көмектесетін жақсы балама ұсынуға тырысамыз. 

Сіздің мақсатыңыз темекісіз келешеккеқол жеткізу болса, компания неге темекі сатуды жалғастыруда?

– Біз темекінің қоғамға келтіретін зиянын азайтқымыз келеді. Филипп Моррис бұл бизнесті тоқтатқанымен, темекі тартушылар темекісін қойып кетпейді. Адамдар Philip Morris брендтерінен басқа темекі компанияларының брендтеріне ауысады, одан да жаманы, контрафактілік өнімдерге ауысады және тұтыну көлемі де өзгеріссіз қалады. Сондықтан да біздің темекісіз келешекке деген ұмтылысымыз үздіксіз әрі жария түрде жалғаса береді. 

Біз балама өнімдерге көшкіміз келеді, өйткені қоғамға келтіретін зиянды азайта аламыз деп сенеміз. Бірақ темекі өндірісін тоқтатқанымызбен, қоғам түтінсіз келешекке бірден көшіп кетпейді. Бұл қадам PMI (Philip Morris International) компаниясын осы трансформацияны  инвестициялауға қажет қаржылық ресурстардан айырады. Ал біз айтып отырған сандар аз цифр емес. Жоғарыда айтып өткенімдей, біз бүгінге дейін ғылымға және салаларымызды трансформациялауға 10 миллиард доллар инвестиция салдық. Сондай-ақ 2024-2026 жылдар аралығында қосымша 3 миллиард доллар инвестициялауды жоспарлап отырмыз. Екі жылдан кейін табысымыздың жартысы түтінсіз өнімнен түседі. Зиянды азайтуға қосқан ең жақсы үлесіміз темекіге жақсы балама болып табылатын өнімдерді үздіксіз дамыту болып табылады. Сонымен қатар, темекі шегушілерді оның зияны туралы ақпараттандыру.

Сіздің көзқарасыңызға қарама-қайшы пікірдегі ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен ДДСҰ сынына не айтасыз?

- Біздің компания трансформацияға қанша күш салса да, біз жалғыз жүріп мақсатқа жете алмаймыз. Қоғам мен мемлекеттік органдардың әрекетсіздігі ауыр зардаптарға әкеледі. Керісінше, біз қазірдің өзінде мемлекет деңгейінде балама нұсқаларды қабылдаған елдердің өте қызықты мысалдарын көріп отырмыз. Жапонияда түтінсіз өнімдер енгізілгеннен бері темекі шегушілер саны 30%-ға азайған. Швеция темекісіз статусқа жақындап келеді. Зияндылығы аз баламаларға көшуді қолдау саясатының арқасында халықтың 5%-ға жуығы ғана темекі шегеді.

Темекі шегумен күресте Қазақстан өз жолымен жүруі керек. Бірақ адамдар темекі шегудің зияны және оның зиянын азайту мүмкіндіктері туралы неғұрлым көп ақпарат білсе, соғұрлым тезірек алға басамыз.  

Түркия, Испания, Португалия және Балтық жағалауы елдерімен салыстырғанда Қазақстандағы темекі өнімдерін тұтынуды реттеу несімен ерекшеленеді? 

  - Реттеу көп нәрсеге әсер етеді: салық салу, сату арналары және қоғамдық қабылдау. Ережелерді салыстыру қиын, өйткені елдер арасында көптеген айырмашылық бар. Кейбір елдерде реттеу саясаты біздің трансформацияны жеделдету үшін қолайлырақ болса, басқаларында ол онша қолайлы емес. Бірақ мен үшін кәсіби маман ретінде маңыздысы – біз кез келген нарықта табысты болуға тырысамыз және уақыт өте келе адамдардың әрқайсысының өнім туралы жақсы пікірде болуына жұмыс істейміз. Қазақстан барлық салада: салық салу, бөлу және коммерцияландыру бойынша қатаң реттелетін дамыған нарық болып табылады. 

Энрике Хименес темекісіз келешек үшін және оны күн тәртібінен түсірмеуге ниетті екенін атап өтті. 

– Қазақстанда қазірдің өзінде біздің өнімдерді 400 мың адам қолданады, бірақ темекі шегушілер әлі де көп, егер олар темекіні тастағысы келмесе, онда оларға біздің зияны аз өнімдерге көшу қажет. Мұны түсінетін уақыт жетті. Бұл бағдарламаны жеделдету – менің бірінші басымдығым», - деді сұқбаттасушы.Сонымен қатар, Энрике Хименес компанияның негізгі мақсаттарының бірі Қазақстан тұрғындары үшін таңдаулы жұмыс беруші болып қалу екенін де сөз арасында атап өтті.
Филипп Моррис сегіз жыл бойы үздік жұмыс беруші деген атқа лайық болып келеді (Top Employer. – Ред.). 

«Жергілікті тұрғындар бізді жақсы жұмыс жағдайын және табысты мансапты ұсынатын тамаша жұмыс беруші ретінде қабылдауы үшін бәрін жасаймыз», - деді Энрике Хименес. 

Бұдан бөлек, ол серіктестікте жұмыскерлердің ер немесе әйел екендігіне қарамастан, бірдей жұмыс үшін теңдей жалақы алатынын растайтын «ТЕҢ ЖАЛАҚЫ» сертификаты бар екенін айтты. Компаниядағы топ менеджерлердің жартысына жуығы – әйелдер. 

 Материал «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС қолдауымен дайындалды.

Серіктес жаңалықтары