×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Астанадан Нью-Йоркке тікелей рейс ашылады

19.12.2023, 14:20
Фото: Ашық дереккөзден

Үкіметте баяндама жасаған көлік министрі Марат Қарабаев Астанадан Нью-Йоркке тікелей рейс ашылатынын мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қарабаевтың сөзінше, Қазақстаннан қазіргі уақытта халықаралық әуе тасымалдары бойынша, 28 елмен 110 бағытта рейстер орындалады (аптасына 567 рейс). Соңғы екі жылда Милан, Доха, Абу-Даби, Эль-Кувейт  және басқа да қалаларға 32 халықаралық авиамаршрут ашылған.

– Алдағы 2024-2025 жылдары Мумбай, Токио, Сингапур, Шанхай және Нью-Йорк қалаларына рейстер ашылатын болады. Осы жылы Қазақстанға ұшуға 6 шетелдік авиакомпанияға рұқсат берілді.

Оған қоса, «ашық аспан» режиміне түзетулер енгізіліп, «әуе еркіндігінің» бесінші дәрежесін пайдалануға барлық шектеулер алынып тасталды. Нәтижесінде, 2024 жылғы 14 наурыздан бастап Азиялық ірі лоу-кост «Air Asia» компаниясы Алматы – Куала-Лумпур бағытында рейстерді орындауға кіріседі және «ашық аспан» режимін қолдана отырып, Алматыдан әрі қарай Джидда қаласына рейстерді орындайтын болады. Бұның барлығы нарықта бәсекелестікті күшейтеді және билеттердің қолжетілімдігін арттырады, – деп сендіреді министр.

Еске сала кетейік, 2018 жылы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының маркетинг бөлімінің басшысы Людмила Копейчук БАҚ арқылы АҚШ-тың Нью-Йорк қаласына тікелей ұшатын күн де алыс емес екенін мәлім еткен еді. Аталған бағыттағы әуе байланысын 2021 жылы ашылады деген жоспар болған. Air Astana компаниясы дайындық жұмыстарын жүргізіп жатқаны хабарланған.

Ал одан бұрын азаматтық авиация комитетінің басшысы болған Бекен Сейдахметов Нью-Йоркке тікелей рейс 2020 жылы ашылатынын айтқан еді.

Серіктес жаңалықтары