×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Өзбекстанның Қарауылбазар ауылында 300-ге жуық қазақ отбасы тұрады

21.12.2023, 15:05
Бейнежазбадағы кадр

Өзбекстанның Бұқара облысында қазақтар көп шоғырланған. Осы өңірге әбден сіңісіп кеткен қандастарымыз жат елде жүрсе де қазақы қалпын мықтап сақтап қалған, деп жазады Ulysmedia.kz Qazaqstan телеарнасына сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, Қарауылбазар ауылында 300-ге жуық қазақ отбасы тұрады. Сыйластығын сақтаған халық бір-бірімен тату. Біреудің басына қиындық түссе, ақылдасып шешуге тырысады. Асар деген дәстүр де жақсы сақталған.

Тұрғындардың айтуынша, ата-бабалары Ақтөбе өңірінен келіп қоныстанған екен. Содан бері алтыншы ұрпақ ауысыпты.

“Шалғай елде жүрсек те дәстүріміз сақталған. Қазақылықтың қаймағы бұзылған жоқ. Мұндағы медресе ең атақты саналады. Әр елден келіп білім алып жатқандар көп. Өз заманында Үлкен әулие Қанарбай ата, Тұрмағамбет Ізтілеуов, Бектұр сияқты атақты адамдар Бұқараның медресесін бітірген”, – дейді ауыл тұрғыны Серікбай Әбдірайымов.

Өзбекстанға қыдырып келген саяхатшылар ең алдымен атбасын бұратын өлкесіне айналған, зиярат туризмінің орталығы саналатын Бұқара аймағында қазақ мәдени орталығы бар. Оның жұмысы ешқашан тоқтаған емес. Әрқашан жергілікті қазақтардың қуана бас қосатын ордасы десек, артық айтқанымыз емес.

“Осы уақытқа дейін ата-бабамыздан келе жатқан салт дәстүрімізді келешек ұрпаққа үйретіп жатырмыз. Мақсатымыз  – Өзбекстанда қазақи әдет-ғұрып пен дәстүріміздің жойылмауы”, – дейді Бұқара облысы қазақ мәдени орталығының өкілі Қазына Қалбаева.

Бұқара мен Науайы, Тамды мен Газли өлкесі  – қазақтардың көптеп шоғырланған мекені. Қазақ мектептері мен өзге де мәдениет нысандары баршылық. Мұндағы халық бауырлас мемлекет басшылығы тарапынан жасалып жатқан зор қолдауды сезініп отырғанын айтады.

Серіктес жаңалықтары