×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

«Астыртын ештеңе жоқ»: Досаев БАҚ-қа мониторинг жасайтын тендер жайлы

21.12.2023, 11:52
Коллаж: ulysmedia.kz.

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев қоғамдық даму басқармасының "БАҚ-ты талдау және мониторингілеу жөніндегі қызметтерге" не үшін тендер бөлінгенін түсіндіруге тырысты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Еске сала кетейік, таяуда мемлекеттік сатып алу сайтында Алматы әкімдігі тарапынан "қызықты тапсырыс" анықталған еді. Тендерді Алматы қаласы қоғамдық даму басқармасының "мониторинг және талдау орталығы" өткізіпті. Ведомствода мемлекеттік бюджеттен 5 млн 152 мың теңгеге "Alem Research" ЖШС-ге "БАҚ-ты талдау және мониторингілеу жөніндегі қызметтерге" тапсырыс берілген. Оларға қандай БАҚ пен блогерлер өз жарияланымдарында Ерболат Досаевты атап өтетіні және қандай негізде екенін анықтау жүктелген.

– Шынымды айтайын, қандай БАҚ қарсы немесе қолдайды дегенге жауап табу үшін ақша бөлген күннің өзінде мемлекеттік сатып алудан кейін ешкім мұндай есепті жарияға жар салмас еді. Шын мәнінде, қоғамдық даму басқармасы арқылы әкімдіктердің жұмысты бәрі атқарады. Бізге азаматтардың көңіл-күйін, оларды қандай мәселелер алаңдататынын білген маңызды. Сол себепті бұл әкім үшін емес, Алматы әкімінің жұмысы үшін атқарылған шаруа. Сома белгілі. Тиісті жұмыстар жүргізілді. Бұл жерде астыртын ештеңе көріп тұрған жоқпын, – деді Ерболат Досаев ОКҚ алаңында.

Әкім “ақпараттық шабуыл” жайлы айта келе ондайлар әрдайым болатынын атап өтті.

– Алматы әкімінің жұмысы біреуге ұнайды, біреуге ұнамайды. Әркім пікірін білдіруге қақылы. Ең бастысы, біз дұрыс бағытта келе жатқанымыз дұрыс, оң нәтижелеріміз бар, – дейді ол.

 

Серіктес жаңалықтары