×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Апатқа ұшыраған көлік рөлінде ажал құшқан оқушының туған ағасы болған

21.12.2023, 18:40
inbussines.kz

Ақтөбе облысының полиция департаменті көлікті басқарған мектеп мұғалімі қамауға алынғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жол-көлік оқиғасынан қаза тапқан оқушының бірі – Назкен. Былтыр Ақтөбеде волейболшы балалар жол апатына ұшыраған соң, әкесі Сайран Назкенді  білім мен спорт жарыстарына мүлдем жібергісі келмеген, деп жазды ақтөбелік журналист Жанагүл Жүрсін.

"Қатарынан қалғысы келмей жылайды. Сосын амалсыздан жіберіп жүрдім", – дейді әкесі. 

Бүгін ауылдастары пәндік олимпиадаға аттанып, жол апатына ұшыраған Назкен мен тағы екі адамды жерледі.

Апатқа ұшыраған көліктің рөлінде Назкеннің туған ағасы, ауыл мектебінің мұғалімі  Жандос болған. Сот санкциясымен Жандостың екі айға қамалғаны белгілі болды. Жандос пен Назкеннің әкесі Сайран Бахманов “Альфардты” (Армян нөмірлі) бір ай бұрын сатып алыпты.

Соңғы уақытта рөлі оң жақтағы Альфард маркалы көліктері жол апатына жиі ұшырайтынын естіп жүрміз. 

Естеріңізге салсақ, Ақтөбеде Олимпиадаға аттанған екі оқушы мен мұғалім жол апатынан қаза тапты.

Серіктес жаңалықтары