×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Гүлдаладағы газ жарылысы - тағы бір адам қайтыс болды

22.12.2023, 15:25
Алматы облысының әкімдігі

Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бүгін түнде 20 жастағы науқастың жарақаты ауыр болып, ауруханада қайтыс болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұған дейін 32 жастағы азаматтың жан тапсырғаны хабарланған болатын.

Естеріңізге салсақ, 17 желтоқсанда Алматы облысындағы Гүлдала елді мекеніндегі жеке үйлерде газ жарылды.

Оқыс оқиғаның себебі газ құбырындағы қысымның күрт өсуімен байланысты.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен түскен ақпаратқа сәйкес, жағымсыз жағдай Байтұрсынов көшесінде сағат 6:15-те және Сүйінбай көшесінде сағат 8:20-да орын алған.

"Жеке тұрғын үйлерде газ-ауа қоспасының жарылуы салдарынан газ жарылды. Зардап шеккен төрт адам ауруханаға жатқызылылды. Оқиғаның себебін анықтау үшін зерттеу-сынау өрт зертханасының қызметкерлері мен төтенше жағдайлар бөлімінің анықтаушысы барды", - деп хабарлады әкімдік.

Бұл оқиғадан кейін "Тәуекел-Н-Алғабас" газ шаруашылығы мекемесінің өкілдері Гүлдала ауылындағы тұрғын үйлерді тексеріп шыққан.

Серіктес жаңалықтары