×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Алматы облысында бірнеше үйде жарылыс болды

17.12.2023, 16:35
Алматы облысының әкімдігі

Бүгін Алматы облысындағы Гүлдала елді мекеніндегі жеке үйлерде газ жарылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оқыс оқиғаның себебі газ құбырындағы қысымның күрт өсуімен байланысты.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен түскен ақпаратқа сәйкес, жағымсыз жағдай Байтұрсынов көшесінде сағат 6:15-те және Сүйінбай көшесінде сағат 8:20-да орын алған.

"Жеке тұрғын үйлерде газ-ауа қоспасының жарылуы салдарынан газ жарылды. Зардап шеккен төрт адам ауруханаға жатқызылылды. Оқиғаның себебін анықтау үшін зерттеу-сынау өрт зертханасының қызметкерлері мен төтенше жағдайлар бөлімінің анықтаушысы барды", - деп хабарлады әкімдік.

Қазіргі уақытта "Тәуекел-Н-Алғабас" газ шаруашылығы мекемесінің өкілдері Гүлдала ауылындағы тұрғын үйлерді тексеріп жатыр.

Серіктес жаңалықтары