×
439.43
473.31
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.43
473.31
4.82

"Бойға" емес тойға барды - боксшыларымыз өзбек Жалоловтың қуанышына ортақтасты

22.12.2023, 16:04

Ташкент қаласында Өзбекстанның аса ауыр салмақтағы атақты боксшысы Баходир Жалоловтың үйлену тойы дүркіреп өтті. Оған бокстан Қазақстанның ұлттық құрама командасы да барып, ақ тілектерін жаудырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов тілегін білдіріп, Өзбекстандағы бокстың дамуын бас бармақпен бағалады.

Баходир Жалолов құрмет тұғырына жайдан-жай келген жоқ. Қазір Өзбекстанда боксқа қатты мән беріліп, жан-жақты дамып жатыр. Оны біз көріп жүрміз. Өзбекстанда ел президенті, министрліктің спорт комитеті, бокс федерациясы бәрі-бәрі былғары қолғап өнерін қолдап, оны дамытуда қолда бар мүмкіндіктің бәрін жасап жатыр. Баходир, осы қолдауды сезініп, тек биіктен көріне бер, – деді М.Айтжанов.

Жиналған қауым “келесі Олимпиадада екі дүркін чемпион атансын деген тілегіміз бар», – деп боксшының Париж Олимпиадасында жеңіс тұғырынан көрінуіне тілек білдірді.

Баходир Жалолов 2020 жылы Токиода өткен Олимпиялық ойындардың чемпионы атанған. 2017, 2019, 2021 жылдары Азия чемпионы болған. 2019, 2023 жылдары әлем чемпионы атанып, 2022 жылы Азия ойындарын жеңіп алған.

Ол келесі жылы сәтін салса, Париж Олимпиадасынан кейін қайтып кәсіпқой боксқа ауысатынын айтқан еді. Екі дүркін Олимпиада чемпионы атанғаннан кейін ол кәсіпқой бокстағы Александр Усик, Тайсон Фьюри, Энтони Джошуа секілді әлем чемпиондарымен қолғап түйсіргісі келетінін ашық мәлімдеген болатын.

Серіктес жаңалықтары