×
449.58
486.94
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.58
486.94
4.86

Қазақстанда қар барысының саны үш есе қысқарды

23.10.2021, 01:58
Фото: ашық дереккөз

Қазақстанда 135-тен аса қар барысы қалды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

24.kz-ның мәліметінше, кейінгі 100 жылда Қазақстанда мысық тұқымдастар саны үш есеге қысқарған. Ал әлемде олардың саны 7 мыңнан аспайды.

Статистика БҰҰ Даму бағдарламасының жануарларды қорғауға арналған экологиялық акциясында айтылды. Қатары сиреп кеткен түз тағысына арналған шара «Барыс» хоккей клубының құрлықтық лигадағы кезекті ойыны алдында өтті. Онда көрермендерге қар барысының фототұзаққа түскен бейнелері көрсетіліп, көрме ұйымдастырылды. Акция Халықаралық қар барысы күніне арналды. 

«2018 жылдан бастап БҰҰ Даму бағдарламасы Қазақстанда ұлттық серіктестермен қар барысы мен оның мекендейтін жерлерін зерттеу, қорғау және сақтау үшін күш біріктірді. Бірлескен қызметке далалық зерттеулер, браконьерлікпен күрес жөніндегі шаралар, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар желісін құру және жақсарту кіреді. Олардың 13-і ауа райы мен климаттық жағдайларға қарамастан жабайы табиғатты сапалы бақылайтын дрондармен және фототұзақтармен жабдықталған», - дейді БҰҰ даму бағдарламасының Қазақстандағы тұрақты өкілі Якуп Бериш.

Серіктес жаңалықтары