×
441.44
473.09
4.75
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.44
473.09
4.75

Футболдан Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингісінде көш басында

24.12.2023, 10:24
Қфф

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы FIFA рейтингі бойынша әлемде бесінші орынға ие болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл – 2023 жылы ұлттық құрамалар рейтингінде ең көп ұпай жинаған командалардың рейтингісі.

2023 жылдың қорытындысы бойынша FIFA рейтингінде Панама құрамасы көшбасшы атанды. Ол өз көрсеткішін 83,92 ұпайға жақсартты, соның нәтижесінде панамалықтар 20 позицияға көтеріліп, жылды 41-ші орында аяқтады.

Әлемдегі бесінші және УЕФА аймағындағы екінші нәтиже Қазақстан +52,07 ұпай көрсетті. Нәтижесінде ұлттық құрама ФИФА рейтингінде 100-ші орынға тұрақтады.

Соңғы бір-екі жылда футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы тәуір нәтиже көрсетіп, әлем назарын өзіне аудартқаны белгілі. Бұл ретте, Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде өз тарихымызда болмаған 7 рекордтық көрсеткіш тіркелді.

Серіктес жаңалықтары