×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Петропавлдықтар пәтерлерінде бүрсеңдеп отыр

24.12.2023, 15:13
Коллаж Ulysmedia

Петропавл қаласындағы жылу мәселесі бір күнде шешілмейді. Бұл туралы қала әкімі Серік Мұхамедиев халықпен кездесуінде мәлімдеді, деп Ulysmedia.kz Petropavlovsk.news сайтына сілтеме жасап.

Басқарушы компаниялардың мәліметінше, суық күндері кейбір көпқабатты үйлердегі пәтерлерде ауа температурасы +12 ℃ болған. Олардың айтуынша, қазір кейбір үйлерде термометр көрсеткіші 17 градустан аспайды.

Мәселен, "Жас Өркен" ықшам ауданында бірқатар тұрғын үй мен балабақшаға жылу жетпейді, дейді мүлік иелері бірлестігінің төрағасы Асқар Сексенов.

"Аязды күндері кері айналым 40 градусқа дейін төмендеді. Бір пәтерде 12 градус болды. Терезедегі мұз қабатының қалыңдығы екі елі", - деді ол.

Басқарушының айтуынша, тұрғындар жылу желілерінің директорымен кездескен. Бірақ өзара түсіністік таба алмаған. Себебі, коммуналдық қызметкерлер қаржының жетіспеушілігін алға тартып отыр.

Әкім барлығы дұрыс жұмыс істеп жатыр деп сендірген жылу желілерінің басшысынан жауап талап етті.

"Биыл параметрлер төмендетілді. Қосымша қондырғылар орнатылды. Бүгінгі таңда температура қалпына келтірілді", - деп түсіндірді "Петропавл жылу желілері" ЖШС бас директорының міндетін атқарушы Максим Буландо.

Әкім тұтынушылардың сапасы сын көтермейтін қызмет үшін тұрақты түрде ақша төлейтініне наразылық білдірді.

"Жылу желілері бұл мәселені шешуі керек, өйткені олар абоненттерге ақылы қызмет көрсетеді. Проблема туындаса, оқиға орнына барып, шара қолдануы керек", - деді Серік Мұхамедиев.

Қала басшысы өз орынбасарына жылу желілері өкілдерімен бірге комиссия құрып, оқиға орнына барып, мәселені шешуді тапсырды.

"Облыс әкімі президентке ЖЭО-2 қалыпты жұмыс істеп тұрғаны туралы есеп бергенін барлық жерде естиміз. Бірақ 1 желтоқсанға дейін бізде қалыпты температура болды, ал қазір жылу жеткіліксіз", - дейді тағы бір мүлік иелері бірлестігінің басшысы Рашида Морозова.

Әкім басқарушылар мен тұрғындарға коммуналдық мекемелерді сотқа беруге кеңес берді.

Серіктес жаңалықтары