×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Әуежайдан домбырасын өткізе алмаған ақынға кәсіпкер баспана сыйлады

25.12.2023, 10:10
Айшолпан Тілеутайдың жеке парақшасынан

Мәжіліс депутаты, «Dauletten қайырымдылық қоры» басшысы Дәулет Мұқаев өзінің әлеуметтік желісінде адуынды айтыскер ақын Айшолпан Тілеутайға жаңа баспананың кілті табысталып жатқан бейнежазбаны жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бейнежазбадан аңғарғанымыздай, бұл қайырымдылық іске Дәулет Мұқаев себепші болып, баспана беру идеясы сол жерде пайда болған сияқты.

“Түскі уақытта Матулла мырза маған хабарласып, қал-жағдай біліскен соң “бүгін бізде корпоратив еді, ана ақын қыз бар еді ғой, соны шақырып бере аласың ба?” деді. Мен болсам: “жарайды, бірақ мен ше?” дедім. “Сізді депутат деп шақыруға ыңғайсыздандық” деді ол. “Бар жазығым депутат болғаным ба?” деп әзілмен күлдім. 

Демалыс қой, мен барамын. Құттықтап сөз сөйлеймін. Себебі бұл құрылыс компаниясының барлық қызметкерін жақсы танимын десем де болады. Депутат болмай тұрып, мені бренд амбассадор еткен еді. 

Айшолпанға “осындай да, осындай” деп хабарласып едім. “Ой Дәулет аға, сіздің бірауыз сөзіңіз” деді. Артық бір сөз айтпады. Отырысқа Айшолпан келіп, құрылысшыларға арнауын арнап, көп қазақтың баспанасыз жүргенін, жер алам деп, жер жастанып кеткен жандар жайлы айтып, арнауын менің яғни, әр қазақтың өз баспанасы болсын деген сөзіммен аяқтады. Сол сәтте құрылыс компаниясының басшысы дастархан басында Матулла: “Дәке, Айшолпанға “Дәулетті қалашықтан” 1 бөлмелі пәтер сыйлауды жөн көрдім, бәлкім Алла сізді себепші қылып тұрған шығар деді….” – деп Дәулет Мұқаев баспана сыйлаудың “тарихын” айтып берді.

Депутат өз сөзінде Айшолпанның баспана жалдауға қаражаты жетпеген күндері де болғанын айтып, барлық қиындықтардың артта қалуын тілек етті.

Өз кезегінде Айшолпан қуаныштан көзіне жас алып, игі іске мұрындық болған азаматтарға алғысын білдірді.

“Қазіргі заманда 100 теңге де бере алмайтын адамдар көп. “Қазақтың қызы жыламасын, құламасын” деп қолдап жатқан Матулла, Дәулет ағаларыма алғысым шексіз”, – деді ақын.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін Айшолпан Тілеутай Ulysmedia алаңында сұхбат беріп, Ринат Зайытовтың қамқорлығы, Тұрсынбек Қабатовтың отбасымен болған жанжал жайлы сырларымен бөліскен еді.

Сондай-ақ Дәулет Мұқаев та Ulysmedia алаңында сайлауға не үшін қатысып жатқанын, жемқорлық жайлы пікірін айтқан болатын.

Серіктес жаңалықтары