Қазақстан халықаралық арбитражда қанша компаниямен соттасып жатыр? Биыл осы бағытта қанша іс тіркелді. Бұл сұрақтарды Ulysmedia.kz тілшісі әділет министрі Азамат Есқараевқа қойды.
– Бұл мәселе біздің бақылауымызда. Қазіргі 26 арбитраж іс бойынша жұмыс жүріп жатыр. Әр істің өз тактикасы бар. Көбіне Қазақстанға қатысты (қарсы) жазылған, Биыл бұл бағытта ондай тіркелген жоқ, – деді Есқараев үкіметтің баспасөз орталығында.
Оның айтуынша, Стати ісі бойынша жұмыс істеген, экс-министр Марат Бекетаевқа қатысты қазақстандық компаниямен жұмыс тоқтатылған.