×
524.65
552.19
5.14
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
524.65
552.19
5.14

"Қазақмыс" кенішінде тағы да жұмысшы қайтыс болды

27.12.2023, 08:13
"Қазақмыс" кенішінде тағы да  жұмысшы қайтыс болды
Коллаж Ulysmedia

"Жыланды" кенішінде 31 жастағы машинист жерасты өздігінен жүретін машинаның доңғалақтарының астында қалып, қаза тапты. Бір қызығы, қайғылы оқиғадан бірнеше сағат бұрын Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен үкімет отырысында ҚР-да 2030 жылға дейінгі қауіпсіз еңбек тұжырымдамасы қаралған болатын, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ұлытау облысында 26 желтоқсанда "Восточная Сары-Оба" шахтасында жерасты өздігінен жүретін машинаның жүргізушісі кеніштің 31 жастағы қызметкерін жаншып кетті.

Жүргізуші абайсызда әріптесін басып кеткен. Арнайы құрылған комиссия болған трагедияның барлық мән-жайларын анықтауға кірісіп кетті.

Сәйкестік пе?

Дәл сол күні таңертең Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайылов үкімет отырысында қазақстандық жұмыс берушілер өз қызметкерлерінің өмірін сақтандыруға асықпайтынын атап өткен еді.

– Ал бізде өндірістік жарақат алу көрсеткіші біршама жоғары екенін атап өтуге тура келеді. Елімізде жыл сайын 2 мыңға жуық адам жұмыс барысында жарақат алады. Оның ішінде 200-ден астам адам мерт болады. Мысалы, биыл «Қазақмыс» компаниясында өндірістік жарақат алу көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда 3 еседен астам өсіп кетті, - дейді Смайылов.

Бұған дейін “Қазақмысқа” қарасты Жамбыл облысындағы "Жайсан" кенішінде қайғылы оқиға орын алған еді.