×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

Алло?: Kcell, Tele2, Altel және Beeline-ға қатысты тергеу басталды

27.12.2023, 09:54
Bloomberg/коллаж Ulysmedia.kz

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Kcell, Tele2, Altel және Beeline ұялы байланыс операторларына қатысты тергеу бастады. Олар бәсекелестікке қарсы келісілген әрекеттер жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қазақстандықтардың шағымдары бойынша агенттік ұялы байланыс қызметтерінің тарифтік жоспарларының шарттарына және бағалардың өзгеру қарқынына талдау жасады.

"2023 жылы ұялы байланыс операторларының тарифтік жоспарлары бойынша бағаның 7,7%-дан 57,3%-ға дейін айтарлықтай өсуі тіркелгені анықталды. Осылайша, 2023 жылдың мамыр-шілде айлары аралығында ұялы байланыс операторлары өздерінің ресми сайттарында ақпарат жариялап, ай сайынғы абоненттік төлемі бар 30-дан астам тарифтік жоспарлар бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын елеулі қымбаттатқан", - деп хабарлады агенттіктегілер.

Күнтізбелік жылда бәсекелестікке қарсы келісілген әрекеттер белгілерінің бірнеше рет анықталуына байланысты "Кселл" АҚ, "МТ-С" ЖШС (Tele2/Altel) және "Кар-Тел" ЖШС (Beeline) ұялы байланыс операторларына қатысты тергеу басталды.

Тергеу Кәсіпкерлік кодекстің 170-бабы бойынша жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары