×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

Электронды құжатты банк қосымшасына енгізуге әркім өзі рұқсат береді - Мусин

27.12.2023, 16:07
Коллаж Ulysmedia

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин журналист Ерболат Мұхамеджанның "Уәде" жобасына берген сұхбатында жеке мәліметтерді қаржылық платформаларға енгізу өзінің идеясы екенін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Журналист жеке мәліметтерді, әсіресе, қауіпсіздік жағынан қаржылық ұйымға беру қаншалықты дұрыс екенін сұрады.

“Egov қосымшасына кірсеңіз, сізден “Kaspi.kz-ге мәліметтерді жіберуге рұқсат бересіз бе?” деп сұрайды. Ол батырманы басу, кейін қайтарып алу өз қолыңызда”, – деді министр.

Журналист “мен Egov қосымшасын пайдаланбаймын. Kaspi.kz-ге жеке мәліметтерді беруге рұқсат бергенім де есімде жоқ. Сіз қайтарып алу батырмасы бар деп отырсыз. Ал әу баста менен ешкім мәліметтерде беруге рұқсат сұраған жоқ ғой”, деген сауал қояды.

“Kaspi, Halyk bank сияқты кез келген банктің қосымшасында “мемлекеттік қызметтерді алу” деген батырма тұрады. Жеке мәліметтерді Egov-тан аударуға тұрғындар өздері келісімін береді. Ол батырманы баспай, жеке деректер мемлекеттік дерекқорлардан басқа платформаларға берілмейді, – деп сендірді Мусин.

Министрдің айтуынша, президент Тоқаев 2020 жылы өз жолдауында “жеке куәліктер электронды үлгіде болуы керек” деп тапсырма берген. Мусин бұл тапсырманы “асыра” орындаған сияқты. Идеясын өзге құзырлы органдар өкілдерімен талқылап, мақсатына жеткен. 

“Электронды жеке куәліктерді платформаларға енгізу жобасын халықаралық деңгейде паш еттік. Көптеген елдер тарапынан қолдау тауып, дұрыс бағыттағы реформа ретінде жоғары бағалануда. Көрші Ресей, Өзбекстанда бұл жүйені енгізу мәселесі талқылануда. Көптеген елдер нұсқаулық ретінде де қолданып жатыр”, – дейді Мусин.

Кез келген әлеуметтік желідегі жазбаға дереу жауап беретін Kaspi.kz бұл мәселеге былай деп жауап қатыпты:

“Алаңдауға ешқандай себеп жоқ. Цифрлық құжаттар жөніндегі, ақпарат мемлекеттік деректер базасынан Kaspi.kz мобильді қосымшасына түседі.
Клиенттердің өзі ғана цифрлық құжаттарына қол жеткізе алады. Оларды басқа ешкім, тіпті Kaspi.kz қызметкерлері-де көре алмайды.

Қолжетімділікті ашу үшін Kaspi.kz мобильді қосымшасындағы «Мемлекеттік қызметтер» сервисінде «Цифрлық құжаттарды» таңдап, Цифрлық құжаттарды қосу батырмасын басу керек. Клиентке 1414-тен қысқа коды бар SMS келеді, оны енгізе отырып, келісімін растайды.

Kaspi.kz цифрлық құжаттарды сақтамайды әрі пайдаланбайды”, – дейді банк тарапы.

Серіктес жаңалықтары