×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Психикалық дертке шалдыққандарға жүргізуші куәлігі оңды-солды таратылған

28.12.2023, 15:56
egemen.kz

Абай облысында психикалық дертке шалдыққан 78 адамға жүргізуші куәлігі берілгені анықталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Облыстық прокуратура жол қозғалысы қауіпсіздігі саласында талдау жүргізген.

"Талдау көрсеткендей, облыста 78 адамның медициналық қарсы көрсеткіштеріне қарамастан жарамды жүргізуші куәлігі бар. Прокурорлық қадағалау актілері бойынша оның 50-і жүргізуші куәлігінен айырылды, қалғандары бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр", - делінген облыстық прокуратураның хабарламасында.

Көлік басқару құқығын тоқтату негіздерінің бірі – медициналық қорытындымен расталған, көлікті қауіпсіз басқаруға кедергі келтіретін жүргізуші денсаулығының нашарлауы.

Мұндай құқықты бұзу уәкілетті органның (лауазымды тұлғаның) талабы бойынша сот шешімі арқылы азаматтық іс жүргізу заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

Серіктес жаңалықтары