×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Түркияда жол апатынан 11 адам қайтыс болды

28.12.2023, 17:18
trthaber.com

Түркияның солтүстік-батысындағы ірі жол апатынан 11 адам қайтыс болып, 50-ге жуық адам жарақат алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

TRT Haber мәліметінше, жол апаты Сакарья ауданындағы Солтүстік Мармара тасжолында болған.

Жеті көліктің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасынан 11 адам қаза тауып, 59 адам жарақат алды. Апатқа қалың тұман себеп болған, - делінген мәліметте.

Қазір оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеуде. Қайтыс болғандар мен жарақат алғандар арасында туристер жоқ деген ақпарат бар.

Ал Түркияның әділет министрі Йылмаз Тундж X әлеуметтік желісінде Скарья прокуратурасы істі тергеуді бастағанын мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары