×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

«Чужбансың»: Алматыдағы мектепте долы әйел балаларды балағаттады

29.12.2023, 12:03
Фото: Скриншот

Журналист Шолпан Али өзінің фейсбук парақшасында Алматы мектептерінің бірінде жаңа жыл кешінде болған жанжалды жариялады, деп жазады Ulysmedia.kz.

Шолпан Әлидің жазуынша, төменгі сынып оқушыларына арналған жаңа жылдық кеште ата-аналардың бірі жоғары сынып оқушыларының кешті дұрыс жүргізбегенін айтып, дөрекілік танытқан. Тіпті, бір балаға “чужбан” деп, ал қызды жезөкшеге теңеген. Күзетшіден мектептен шығаруды өтінген оқушылардың біріне жұдырығын ала жүгірген.

Бұл оқиғаға қатысты Алматы қаласының білім басқармасы түсініктеме берді.

“Ата-аналарға мерекеге кіруге тыйым салынды. Бірақ кейбір ата-аналар сынып жетекшілері арқылы бастауыш сынып оқушыларының киімдерін ауыстыруға көмек көрсету үшін кірді. 1 "Г" сыныбының ата-анасы Б.Ш. есімді азамат баласына киім ауыстыруға көмектесіп, кейін онымен бірге мерекелік кешке барды. Іс-шара аяқталған кезде Б.Ш. оқушыларға жақындап, наразылығын білдіре бастады. Балағат сөздер айтты. Мектеп әкімшілігі қол қусырып отырмады, оқушыларды қорғауға тырысты. Ата-ананы тыныштандырды. Полиция шақырылды. Қазіргі уақытта Б.Ш. есімді азаматқа қатысты әкімшілік іс Медеу АІІБ-де қаралуда. Зардап шеккен оқушылардың ата-аналары кінәлі жазасыз қалуы мүмкін деп алаңдайды, сондықтан бейнелер әлеуметтік желілерге орналастырылады. Қазіргі уақытта барлық оқушылармен және олардың ата-аналарымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сынып жетекшілерімен және күзетшілермен, директордың орынбасарларымен оқушылардың қауіпсіздігі жөніндегі шараларды күшейту бойынша әңгіме өткізілді", – дейді басқармадағылар.

Серіктес жаңалықтары