×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Қанат Бейсекеев менің идеямды «ұрлап» алды – Жанар Байсемізова

29.12.2023, 15:07
Коллаж Ulysmedia

Документалист Қанат Бейсекеев журналист Жанар Байсемізованың идеясын «ұрлап» алған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz «Шетелдегі қазақ балалары» жобасының авторына сілтеме жасай отырып.

«Ұлысмедиа» платформасында жаңадан ашылған Qarakoz подкастына сұхбат берген «Шетелдегі қазақ балалары» жобасы авторының айтуынша, 2010 жылы Америкада студент болып жүрген Қанат Бейсекеевті елшілік өкілдері Жанарға көмектесуге шақырған. Алайда, ол жоба туралы естіп алып, кейін хабарсыз кеткен. 

«Шетелдегі қазақ балалары тақырыбын сізден кейін Қанат Бейсекеев көтерді. Оның жобаларын көрдіңіз бе, ол туралы не айтасыз» деген сұраққа Жанар Байсемізова былай деп жауап берді:

- Қанат Бейсекеевтің еңбегін, ізденісін жоққа шығармаймын. Өзім жеке таныс емеспін. Қанат Бейсекеевтің филімі орыс тілінде түсірілгеннен кейін атақты болып кетті деп есептеймін. Қанат Бейсекеев ең алғаш бұл идеяны менен алды деп ойлаймын. Өйткені, мен бұл тақырыпты 2009-да бастағам. 2010 да, сосын 2013-те тағы АҚШ-қа баратын кезде сол жердегі бас консул Раушан Кәкімсейтқызы сол кезде оқып жүрген Қанатты шақырып, «осындай группа келеді. Жанар Байсемізова. Шетелдіктер асырап алған қазақ балалары туралы бағдарама  түсіреді. Соған көмектес» деп шақырған екен. Бірақ ол жоқ болып кетіпті. Артынша сол фильмді түсіріпті, оны да маған біздің дипломаттар айтты. «Бұл өте ұят нәрсе» деп айтты», - дейді Байсемізова.

Жоба авторы ешкімнен ештеңені қызғанбайтынын жеткізді. Дегенмен, біреудің идеясын ұрлағанды құптамайтынын айтты.

«Мен мұны еш жерде айтқан емеспін, жариялаған емеспін. Ештеңені қызғанбаймын. Барлық тақырып ортақ. Бүкіл журналист жазса да артық емес. Мүмкін Қанат мені танымайтын да шығар. Мен журналист ретінде ешкімнен идея ұрлаған емеспін. Мен біреуді қайталағанды, біреудің істеген ісін істегім келмейді. Мен өзім жаңа түрен салып, жол салып өтем. Енді әртүрлі жағдай болған шығар. Бірақ оның да оны түсіргені дұрыс болған шығар. Айта салу керек дегенде мен жекеменшіктеп алған тақырып емес қой. Бір жерлерден естіп қалам,  «менің идеям» деп жүргенді. Негізі қайдан естіді сол нәрсе да маңызды», - дейді ол.

Qaraqoz подкастының алғашқы қонағы – журналист, «Шетелдегі қазақ балалары» жобасының авторы Жанар Бейсемізова. Жанар алғаш 2009 жылы қолға алған шет елдегі қазақ балалары туралы жоба, биыл алтыншы маусымын түсіріп, «Жібек жолы» арнасында көрсетілді. Әр жылдары шыққан бағдарлама көрермен тарапынан қызу талқыланады. Саясаттан бастап, әлеуметтік жағдай, білім беру, жеке индентификация, бала тәрибесі секілді маңызды аспектілерді қамтыған «Шетелдегі қазақ балалары» жобасы мазмұны жағынан қазір отандық тв бағдарламалар арасында көш бастап тұр.  

Сұхбатты толық көріп үшін сілтемеге өтіңіз.

Серіктес жаңалықтары