×
439.43
473.31
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.43
473.31
4.82

Қаракөлдегі 30 аққу неден қырылды

30.12.2023, 17:11
ustirt_kz/Instagram

Ақтау қаласына жақын Қаракөлде 30 аққудың неден қырылғаны анықталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Экологтар алдымен судың сынамасын алды. Талдау нәтижесіне сәйкес, зиянды қалдықтардың шекті мөлшері анықталған жоқ.

Ал облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне қарасты инспекция мамандары құстардан тест сынамасын алды. Қорытындысы оң болып шықты. Қырылған аққулардан құс тұмауы анықталды.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін "Қарақия-Қаракөл" мемлекеттік табиғи қорығының инспекторлары көлдің жағасында 30 аққудың өлігін тапқанын жазған едік.

Қаракөл – Қазақстанның оңтүстік-батысындағы жасанды көл (су қоймасы). Ол Маңғыстау облысындағы Ақтау қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 10 километр қашықтықта орналасқан.

Серіктес жаңалықтары