×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Соққыға соққы ма? Белгородта қаза тапқандардың саны 22-ге жетті

31.12.2023, 12:35
РИА Новости

Украинаның қарулы күштерінің Белгородқа жасаған соққысы салдарынан қаза тапқандардың саны 22 адамға жетті. Бұл туралы аймақ губернаторы Вячеслав Гладков мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қаза тапқандардың арасында үш бала бар. Бұдан бөлек, 110 адам жарақат алды.

"Белгородқа жасалған соққылардан кейін қаза тапқан адамдарды саны 22-ге жетті. Зардап шеккен бір адам түнде ауруханада көз жұмды. Қаза тапқандардың отбасылары мен туыстарына қайғырып көңіл айтамын", - дейді Гладков.

Ал жарақат алғандардың ішінде 30 адамның жағдайы ауыр. Тағы 63 адам ауруханада ем-дом алып жатыр.

Естеріңізге салсақ, сенбі күні Украинаның қарулы күштері Белгород қаласының орталығына оқ жаудырды. Сол күні 20 адамның қаза тапқаны туралы ақпарат шықты. Қазіргі кезде бірнеше қылмыстық іс қозғалды.

Ресейдің қорғаныс министрлігі таратқан ақпаратқа сәйкес, әуе шабуылына қарсы жүйелер "Ольха" зымырандары мен Vampire снарядтарын атып түсірді. Сол кезде бірнеше реактивті снаряд мен зымырандардың қалдықтары Белгород қаласына түсті.

Ресми мәліметке сәйкес, қалада 30 көппәтерлі тұрғын үйге, 344 пәтерге және 3 жеке меншік үйге зақым келген. Бұдан бөлек, оқ мектеп, лицей мен балабақшаға тиген. 51 адамның көлігі зақымданды. Шығынды бағалау жұмыстары жалғасып жатыр.

Соққыға соққы ма?

Украинаның барлау агенттіктері Белгородқа жасалған соққы Ресейдің Украина қалаларына жасаған шабуылдарына жауап екенін айтуда. Бірақ Киев мұны ресми растаған жоқ.

Естеріңізге салсқа, 29 желтоқсанға қараған түні және таңертең Ресей әскерлері Украина қалаларына жаппай соққы беріп, зымырандар мен дрондар арқылы маңызды және азаматтық инфрақұрылымға шабуыл жасады.

Украина ІІМ мен жергілікті биліктің мәліметінше, салдарынан 13 адам қаза тауып, 85 адам зардап шекті.

Серіктес жаңалықтары