×
439.43
473.31
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.43
473.31
4.82

Джип мінген балықшылар суға батып кете жаздады

31.12.2023, 16:27
Ашық дереккөзден

Ақмола облысында балықшылар мінген жол талғамайтын көлік суға батып кете жаздады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Ерейментау ауданының тұрғындары Қоржынкөлге балық аулауға барған. Джиппен көл үстімен келе жатқанда мұз жарылып кеткен. Көлік жартылай суға батқан. Балықшылар бірден құтқарушыларды шақырған.

"Құтқарушылар дереу шақыру орнына шығып, арнайы құтқару техникасының көмегімен көлікті шығарып алды. Жарақат алғандар мен зардап шеккендер жоқ", - дейді департамент мамандары.

Құтқарушылар облыс тұрғындары мен қонақтарын мұзға шықпауға шақырды.

Серіктес жаңалықтары