×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

ІІМ жаңа жыл кешінде бірде-бір заңбұзушылық тіркелмеген қаланы атады

01.01.2024, 15:42
Фото: Ашық дереккөзден

Жаңа жыл кешінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін полицияның жүздеген қызметкері кезекшілікке шыққан, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ішкі істер министрлігі министрінің бұйрығымен облыстардың полициясының қызметкерлері қызмет атқарудың күшейтілген нұсқасына көшкенін хабарлады.

– Полиция қызметкерлері мерекелік іс-шаралар өтетін жерлерде, қала халқы жиналатын жерлерде және автожолдарда қырағы қызмет атқарды. Жаңа жыл қарсаңында Сәтбаев қаласында бірде-бір құқық бұзушылық тіркелген жоқ. Сондай - ақ, Маңғыстау облысының бес ауданында бірде-бір полиция шақыруы тіркелген жоқ, - деп хабарлады ІІМ.

Бұған дейін ТЖМ Қазақстанда жаңа жыл қарсаңында 100-ге жуық өрт болғанын хабарлады.

Серіктес жаңалықтары