Жапонияның орталығындағы Ното түбегі мен оның маңындағы аудандарда болған зілзаладан 24 адамның қаза тапқаны расталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Kyodo агенттіне сілтеме жасап.
Жер сілкінісінің магнитудасы 7,6 балл болды.
"Көліктердің Ното түбегінің солтүстік бөліктеріне өтуі өте қиын", - деді премьер-министр Фумио Кишида баспасөз мәслихатында.
Сонымен қатар, ол үкімет кемелер арқылы көмек жеткізуді үйлестіріп жатқанын айтты.
Сондай-ақ, 1000-ға жуық құтқарушы көмек көрсету жұмыстарына қатысуда.
Жапон метеорологиялық агенттігінің хабарлауынша, жер сілкінісі Вадзима қаласынан шығыс-солтүстік-шығысқа қарай 30 шақырымдай жерде болған. Тереңдігі – 16 шақырымды. Бұл – елдің сейсмикалық қарқындылық шкаласы бойынша максималды 7 магнитудасы. Мұндай магнитудалық жер сілкінісі соңғы рет 2018 жылы Хоккайдо қаласында тіркелген.