×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Нигериядағы түрмеден бес жүзден астам адам қашып кетті

24.10.2021, 13:37
Фото: ашық дереккөз

Қарулы топ Нигерияның Ойо штатындағы түрмеге шабуыл жасаған. Нәтижесінде 800-ге жуық тұтқын қашып кетті, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

sunnewsonline.com-ның мәліметінше, түзеу мекемесінің қызметкерлері 250-ден астам адамды тез арада ұстай алды, кейбіреулері өз еркімен беріле салған. Ал 575-і қашып үлгерген және қазіргі уақытта іздеуде.

Шабуылда атыс қаруы, динамит қолданылған. Осы қару түрлерін пайдалана отырып шабуылдаушылар түрме қабырғасының бір бөлігін жарып жіберген. Шабуыл жасаған содырлардың кім екені әлі анықталған жоқ.

Мекеме өкілінің айтуына қарағанда, түрменің ішкі жағы бүлінбеген. Ойодағы уақытша ұстау изоляторы 2007 жылы салынған. Ол 160 тұтқынға арналған, бірақ шабуыл кезінде 907 адам болған. Олардың 92%-ы сот шешімін күтіп отырса, 64 -і жазасын өтеп жатқан.

Серіктес жаңалықтары