×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

Tesla сатылымы күрт өсті

03.01.2024, 09:25
Коллаж Ulysmedia

2023 жылдың IV тоқсанында Tesla жоспардан көп электромобильдер шығарды. Бірақ бұл қытайлық автомобиль өндірушісі BYD-дің жаһандық электр сатылымынан озып кету үшін жеткіліксіз болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жаңа көшбасшы

2023 жылдың соңғы үш айында компания 484 507 электромобиль сатты, бұл талдаушылардың орташа болжамынан 483 173 данадан асып түсті. Осы кезеңде BYD сатылымы 526 409 электромобильді құрады. Бұл оны электромобильдер нарығында жаңа көшбасшыға айналдырды.

Tesla BYD-ге қарағанда көбірек кіріс пен пайда әкеледі, өйткені оның электромобильдерінің бағасы айтарлықтай жоғары. Американдық компания сатылымның ең үлкен үлесін құрайтын екі модельге ғана сүйенеді (Model Ү кроссовері және Model 3 седан). Олар IV тоқсанда жеткізілімдердің 95% құрады. Tesla электромобильдердің тоқсандық сатылымын аймақтарға бөлмесе де, АҚШ пен қытай оның ең үлкен нарықтары болып табылады.

Сценарий жүзеге аспады

Tesla өткен жылы нарыққа 1,8 миллион электромобиль қою міндетін орындады, бірақ ол 12 ай бұрын компания басшысы Илон Маск айтқан сценарийді жүзеге асыра алмады.Тіпті электромобильдер бағасының төмендеу сериясы мұндай өндіріс көлемін қамтамасыз ету үшін жеткілікті жоғары сұранысты ынталандыра алмады. Бұл инвесторлардың көңілін қалдырды, Нью-Йорк қор биржасында сейсенбіде кезекті сауда-саттық басталғаннан кейін көп ұзамай Tesla акцияларының 1,6% төмендеуіне әкелді.

Электромобиль өндірушілерінің рейтингісіндегі өзгеріс Қытайдың әлемдік автомобиль индустриясындағы өсіп келе жатқан әсерін көрсетеді. Соңғы бірнеше жылда АҚШ, Оңтүстік Корея және Германияны басып озған Қытай 2023 жылды әлемдегі ең ірі жеңіл автомобиль экспорттаушысы ретінде аяқтаған Жапониядан да озып кетуі мүмкін.

Cybertruck өндірісінің басталуымен Tesla АҚШ-тағы бәсекеге қабілетті пикап нарығына шықты. Маск Cybertruck-тің жаппай өндірісіне жету үшін оған 12-18 ай қажет болуы мүмкін екенін ескертті.

Серіктес жаңалықтары